23 ақпан 2014 | 11:32

Шекарашылар Януковичтің елді тастап шығуына жол бермеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Янукович. сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Виктор Янукович. сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Украина шекарашылары Донецк әуежайында Виктор Янукович мінген ұшақтың ел аумағынан ұшып шығуына мүмкіндік бермеді, деп хабарлайды РИА Новости Украина Шекара қызметі басшысының көмекшісі Сергей Астаховқа сілтеме жасап. "Мұздай қаруланған бір топ адам ел аумағынан ұшып шығуға рұқсат беру үшін шекарашыларға пара ұсынған. Алайда шекарашылар бұл ұсынысты қабылдамай тастағаннан кейін, ұшаққа брондалған екі көлік келгенде бірнеше адам сол көліктерге отырып, әуежай аумағынан кетіп қалды", - деді Астахов. Украиндық БАҚ таратқан мәліметте, шекарашылар Украинаның экс-прокуроры Виктор Пшонк, бұрынғы кіріс және жинау министр Александр Клименко мен ІІМ экс-басшысы Виталии Захарченконың да Донецкіде рейске отыруына рұқсат бермей қойған. Осыдан бірер сағат бұрын украиндық бірнеше ақпарат құралдары ақпанның 22-сі күні кешқұрым Виктор Януковичтің Ресейге ұшып шыққанын жариялаған-тұғын. Жергілікті журналистер ол кезде сондай-ақ, Украинаның бұрынғы премьер-министрі Николай Азаров, Харьков облысының губернаторы Михаил Добкин мен Харьков мэрі Геннадий Кернестің де елден кетіп қалғаны туралы мәліметтер таратқан болатын. Еске саламыз, Украина парламенті ақпанның 22-і күні Януковичтің өзіне жүктелген конституциялық міндеттерді орындамады деп айыптап оны қызметінен босату және 2014 жылы мамырдың 25-і күні мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы қаулы шығарған. Ал Янукович болса, телеарна арқылы таратқан мәлімдемесінде отставкаға кетпейтінін, парламент шығарған шешімдердің барлығы заңға қайшы келетінін айтқан. Ол сөз арасында елден кетпейтінін айтқан еді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети