"Қрымның Симферополь қаласына Путиннің атын беруді ұсынды. Мұндай бастаманы Керчте өткен митингте "Русское единство" партиясы көтерді" деп хабарлайды Tengrinews.kz Керчь.ФМ парталына сілтеме жасап.
Мінберден сөз сөйлеген қрым-татар халқының бір өкілі «Владимир Ленин 20-шы жылдары қрым-татар халқын құрып кетуден сақтап қалған. Сталин 45-ші жылы депортация жасады. Ал, қазір қрым-татар халқын Владимир Путин сақтап қалады» деді

«Мен Симферопольдің орталық алаңына Путинге ескерткіш орнатуды және қалаға Путиннің атын беруді ұсынамын» дейді ділмәр. Жиналғандар бұл ұсынысты қол соғып қоштады.
Негізі, митинг қазіргі қала басшысы Олег Осадчеге қарсы және қалаға Ресей транспорт министрі Максим Соколовтың келуіне орай ұйымдастырылған болатын. Жиынға жүздеген адам қатысты. Сондай-ақ, митингте "Русское единство" партиясының Ресейдің "Единая Россия" партиясына қосылғаны жария етілді. Сонымен қатар жиынға қатысушылар Украинаның оңтүстік-шығысының Ресейге қосылуын қолдайтынын білдірді.