"6 маусым күні Славянскі түбінде қамауға алынған ресейлік "Звезда" телеарнасының журналистері тұтқыннан босатылып, Мәскеуге ұшып келді деп хабарлайды Tengrinews.kz телеарна сайтына сілтеме жасап. Ресей қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы телеоператор Андрей Сушенков пен видеоинженер Антон Малышевты "Чкаловский" аэродромына 9 маусым күні жеткізді.

Журналистер Украина аумағына президент Петр Порошенконы ұлықтау рәсімі туралы хабар беру мақсатында барған. 6 маусым күні Славянскі түбінде оларды Украина ұлттық гвардиясының әскерилері қамауға алған. Байланыс үзілгенге дейін олар блокпостта тексеруден өтіп жатқанын және олардың құжаттарын алып қойғаны жайлы хабарлаған. Сонан соң байланыс үзілген.
Кейіннен белгілі болғандай, "Звезда" телеарнасының түсірілім тобын "блокпостты бақылап, ақпарат жинаумен айналысқан" деп айыптаған. Жігіттерді бір кісенмен қосақтап, тізерлеп отырғызып, бастарына қап кигізген. Сонан соң оларды тікұшаққа отырғызып белгісіз жаққа алып кеткен.
Бұған дейін Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин "Звезда" телеарнасының журналистерін шұғыл түрде босатуды талап еткен болатын. "Олар жуық арада босатылады деп үміттенемін" деп ол өзінің Twitter парақшасында мәлімдеген.
Бұл Украинада ресейлік БАҚ өкілдерін қамауға алудың бірінші жағдайы емес. 18 мамырда Украина ұлттық гвардиясының әскерилері Краматорскі түбінде LifeNews порталының журналистері Олег Сидякин мен Марат Сайченконы тұтқындаған болатын. 25 мамырда олар босатылды.