Терактіге қатысқан қырғызстандықтар азаматтығынан айырылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Терактіге қатысқан қырғызстандықтар азаматтығынан айырылатын болды

Қырғызстанда терактіге қатысқан адамдар азаматтығынан айырылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қырғызстанның депутаттары осы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда терактіге қатысқан адамдар азаматтығынан айырылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қырғызстанның депутаттары осы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. 

Сонымен қатар, Қырғызстан парламентарилері кәмелет жасына толмағандарды қарулы қақтығыс аймағына алып кеткендерге қылмыстық жазаны бекітетін кейбір заңнамалық актілерге түзетулерді енгізді. Сонымен қатар, терроризм мен лаңкестікті қоғам алдында, БАҚ-та немесе Интернетте құптауға 100 мың сом көлемінде айыппұл салуды қарастыратын ұсыныс та қабылданды. Ал егер осы құқықбұзушылық қайталанса, қылмыстық жаза қолдану қарастырылған.

Айта кетейік, Қырғызстанның ҰҚКМ мәліметінше, Сирияда Ислам мемлекетінің атынан шамамен 500 қырғызстандық соғысып жүр. Олардың ішінде шамамен 50-і әйелдер. Сонымен қатар, қақтығыстар аймағына 22 бала шығарылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети