Украина қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы УҚҚ басшысы Валентин Наливайченко мәлім етті, деп хабарлайды УНИАН.
Украина қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы УҚҚ басшысы Валентин Наливайченко мәлім етті, деп хабарлайды УНИАН.
"Украинадағы террорлық әрекеттерді ұйымдастыршылар мен оны қаржыландырғандардың бары күдік тудырмайды. Нақты айтар болсақ осы ақпарат агенттігінің басшысына қатысты терроризмді қаржыландырды, террорлық әрекеттерге ықпал етті деген баптар бойынша тергеу амалдары жүргізіле бастады", - деді УҚҚ төрағасы.
Наливайченко сондай-ақ, УҚҚ РФ ФҚБ Шекара қызметінің басшысы Владимир Кулишоваға да қатысты қылмыстық іс қозғаған. Оған Украинаның шығысындағы терроризмді қаржыландырды және қолдау көрсетті деген айып тағылып отыр.
Ал Кисилев болса РИА Новостиге берген сұқбатында УҚҚ-нің оны терроризмді қаржыландырды деп айыптауы Киев билігінің кезекті ертегілерінің жалғасы деген мағынада пікір білдірген болатын.