18 шілде 2014 | 10:33

УҚҚ сепаратистердің Boeing-ті атып түсіргені туралы телефон әңгімесін жазып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Амстердам-Куала-Лумпур бағытымен ұшып бара жатқан малайзиялық жолаушылар ұшағын Донбас үстінде Чернухинскі блокпостында тұрған "казактар" атып түсірген. Сепаратистердің сол туралы телефонмен сөйлескен сөздерін Украина қауіпсіздік қызметі жазып алған" деп хабарлайды Tengrinews.kz УНИАН ақпарат құралына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Амстердам-Куала-Лумпур бағытымен ұшып бара жатқан малайзиялық жолаушылар ұшағын Донбас үстінде Чернухинскі блокпостында тұрған "казактар" атып түсірген. Сепаратистердің сол туралы телефонмен сөйлескен сөздерін Украина қауіпсіздік қызметі жазып алған" деп хабарлайды Tengrinews.kz УНИАН ақпарат құралына сілтеме жасап.

Сағат 16:40-тағы жазбада террорист Игорь Безлер (Бес) өзінің кураторы РФ ҚК БББ полковнигі Геранин Василий Николаевичке ұшақты атып түсіргені туралы баяндаған. Бес "қазір ғана ұшақты атып түсірді. "Минера" тобы. Енакиевоға құлады" деп баяндаған.

УҚҚ "атып түсірген соң ғана террористер оның жолаушылар ұшағы екенін түсінген. Бұл жай террористер "Майор" мен "Гректің" телефон арқылы сөйлескен әңгімесінен аңғарылады" деп атап өтті.

Әңгіме барысында "Майор" ұшақты "чернухиндіктер» атып түсіргенін айтады. Оның сөзіне қарағанда ұшақ Петропавловскі шахтасы маңында, әуеде шашылып кеткен. Ұшақ қалдықтары аулаларға түскен. Арадан шамалы уақыт өткенде олар жолаушылар ұшағы екенін анықтаған. "Гректің" "атып түсірілген ұшақта қару бар ма?" деген сұрағына, "Майор" "ешқандай қару жоқ, тек киім-кешек, медициналық дәрі-дәрмек, орамал, дәретхана қағазы" деп жауап қатқан.

Арадан біраз уақыт өткенде тағы бір жасақшы дондық атаман- Николаий Козицынмен сөйлескен. "Снежное – Торез аумағында атып түсірілген ұшаққа қатысты. Грабов ауданына құлады, айнала толған балалар мен әйелдердің мәйіті. Қазір казактар бәрін қарап жатыр. Қазірге осы". Жасақшының "малайзиялық ұшақ Украина территориясында не істеп жүр?" деген сауалына, Козицын "Шпиондар әкелген шығар, білмеймін. Соғыс болып жатқан жерде несі бар" деп жауап берген.

Boeing 777 ұшағы бейсенбі күні Донецк облысының Снежное елді мекенінің маңында апатқа ұшыраған еді. Украина қорғаныс министрінің кеңесшісі Антон Геращенко ұшақтың 10 600 шақырым биіктікте ұшқанын және "Бук" зенитті-зымыран қондырғысымен атып түсірілгенін мәлімдеді.

Соңғы мәліметтерге қарағанда лайнер бортында 283 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі болған. Олардың арасында үшеуі балалар. Амстердам-Куала-Лумпур бағытымен ұшқан бортта нидерландылық-154, австралиялық-27, малайзиялық-23, индонезиялық-11, британиялық-6, Германиялық-4, бельгиялық-4, филиппиндік-3, канадалық-1 азамат болғаны анықталды. Ал қалған 47 жолаушының қай елдің азаматтары екені қазірге белгісіз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети