08 тамыз 2014 | 19:34

Украина әуе компаниялары тасымалына салынған Ресей тыйымы Қазақстанға тиімді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©flyuia.com ©flyuia.com

Украина әуе компаниялары тасымалына салынған Ресей тыйымы Қазақстанға тиімді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне  Қазақстандағы Азаматтық авиация (ҚАА) комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов мәлім етті.


Иконка комментария блок соц сети

Украина әуе компаниялары тасымалына салынған Ресей тыйымы Қазақстанға тиімді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне  Қазақстандағы Азаматтық авиация (ҚАА) комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов мәлім етті.

Ол Қазақстан территориясы арқылы өтететін қосымша ұшулар - мемлекет үшін табыс көзі деп түсіндіреді. "Егер Ресей емес, біз арқылы ұшатын болса, онысы, әрине бізге тиімді" дейді сұхбат беруші. ҚАА  Қазақстан территориясы арқылы бұл тыйым салдарынан пайда болуы ықтимал жаңа бағыттарды есептеп, санамалап жатқандарын жеткізді.  

Сол секілді Қазақстандағы Азаматтық авиация комитеті Әуе навигациясы басқармасының жетекшісі Олег Авдеев барлық халықаралық әуе компаниясы Қазақстанның әуе кеңістігінен тасымал жасағаны үшін белгілі бір сомада ақы төлейтіндігін айтады. Тариф құны ұшаққа тиелген жүктің салмағына және Қазақстан әуе кеңістігін басып өтетін шақырымға қарай есептеледі. Осы жағынан алғанда, шетелдік әуе компаниялардың жолаушылар тасымалы ұшақтары Қазақстанды басып өтуде әр 100 ортодромикалық шақырымға 14 500 теңге төлейді.

Сұхбат берушінің мәліметінше, Қазақстанның әуе кеңістігіндегі ең ұзақ жол халықаралық әуе компаниялары үшін кем дегенде 3 мың долларға түседі. Ай сайын Қазақстаннан Ресейге және кері қарай халықаралық әуе компаниялары 1700-1800 рейс жасайды екен.

Еске сала кетелік, 2014 жылдың 7 тамызында Ресей Украина әуе компанияларына өз территориясы арқылы Грузияға, Әзірбайжанға, Арменияға және Түркияға тасымал жасауға тыйым салған. Бірақ Украина әуе компанияларының Ресей арқылы Қазақстанға тасымал жасауына тыйым салу туралы айтылмаған. Алайда авиация саласы мамандары егер мұндай шектеу қойылса, онда украиндық әуе компаниялар бірқатар мәселелерге тап болады дескен еді.

Мәселен, Қазақстан Әуе тасымалы қауымдастығының президенті Владимир Куропатенко, егер Ресей украиндық әуе компанияларға өз территориясы арқылы Қазақстанға жетуіне тыйым салса, онда олар Қазақстан бағытына қарайғы билет құнын жоғарлатуға мәжбүр болады деп мәлімдеген. "Егер тыйымға Қазақстан ілінсе, онда "Эйр Астананың" УХӘ (Украинаның халықаралық әуе желілері) алдында экономикалық жағынан, уақыт бойынша да, отын шығыны бойынша да артықшылығы күрт артар еді. Ең бастысы - билетті қымбаттатудың қажеті болмайды. Ал келесі тараптың билет құны артады. Жалпы, мен Украинаның халықаралық әуе компаниялары Киевтен Алматыға қалай ұшатынын көз алдыма елестете алмаймын. Бұл арада Ресейсіз еш болмайды. Әрине, "орағытып" өтетін жолдар бар, ол үшін Өзбекстан мен Қырғызстан арқылы шамамен мың шақырымды артқа тастау керек" дейді Куропатенко.

Кейіннен ҚАА тарапынан Украина әуекомпаниясы ұшақтары Қазақстанға қарай Ресейді орағытып ұша бастады деген мәлімет тарады. "Олар (УХӘ - Украина халықаралық әуе желілері - авт. ескертпесі) балама бағытты таңдап алды. Бүгінгі күннен бастап олар басқа нүктеден - Ақтау аумағынан қатынауды жөн деп тапты. Бүгінге дейін олар Қазақстан территориясына Ресейдің әуе кеңістігі арқылы ұшып жететін" дейді Қазақстан Азаматтық авиация комитетінің Әуе навигациясы басқармасының жетекшісі Олег Авдеев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети