©РИА Новости
Киевте күш құрылымдары мергеннен қорғану үшін қару қолдануды ұйғарды деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап. Украина астанасының орталығындағы қақтығыс алаңында мерген пайда болып, құқық қорғау органдарының 20 өкілін жарақаттаған. "Құқық қорғау қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында жеке құрамды мейлінше қауіпсіз позицияға көшіріп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өзін өзі қорғау үшін қару қолдануға шешім қабылданды", - деп хабарлады Украина Ішкі істер министрлігі мамандары. Текетірес күшейіп жатқан мезгілде Киев мэрі Владимир Макеенко билік партиясы қатарынан кетуге бел буды. "Мен "Аймақтар партиясы" қатарынан шығуға және Киев қаласының өмірмен қамтамасыз ету жүйелері үшін жеке жауапкершілік алуға шешім қабылдадым. Менің тағдырым солай қалыптасты, бұл ауыр кезеңде маған әрбір киевтіктің өмірі үшін үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ешқандай билік адамды құрбан етуге тұрмайды", - деп мәлімдеді қала басшысы. Киев мэрі Жоғарғы Рада депутаттарын елде ұрыс әрекеттері мен қантөгісті тоқтату үшін Украинаның әскери форма киген азаматтары мен азаматтық киім киген тұрғындары арасында дәнекер болуға шақырды. Ол қақтығыс барысында бір де бір олигарх пен саясаткер өлмегенін, керісінше, ондаған қарапайым тұрғынды жерлеуге тура келіп жатқанын баса айтты. Еске сала кетейік, Украинада 18 ақпан күні тәртіпсіздіктер қайта күшейген болатын. Оппозиция Жоғарғы Радада 2004 жылғы Конституцияны қалпына келтіруді талап етіп жатқанда, оның жақтастары Киевтегі билік пен құқық қорғау органдары мекемелерін басып алып, милиция қызметкерлеріне шабуыл жасады. Соңғы мәлімет бойынша, елде қанды қырғыннан 35 адам опат болып, жүздеген адам жарақат алды. Украинада мемлекеттік билік органдарының түгелге жуығы дерлік жұмысын тоқтатты.
Киевте күш құрылымдары мергеннен қорғану үшін қару қолдануды ұйғарды деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.
Украина астанасының орталығындағы қақтығыс алаңында мерген пайда болып, құқық қорғау органдарының 20 өкілін жарақаттаған. "Құқық қорғау қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында жеке құрамды мейлінше қауіпсіз позицияға көшіріп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өзін өзі қорғау үшін қару қолдануға шешім қабылданды", - деп хабарлады Украина Ішкі істер министрлігі мамандары.
Текетірес күшейіп жатқан мезгілде Киев мэрі Владимир Макеенко билік партиясы қатарынан кетуге бел буды. "Мен "Аймақтар партиясы" қатарынан шығуға және Киев қаласының өмірмен қамтамасыз ету жүйелері үшін жеке жауапкершілік алуға шешім қабылдадым. Менің тағдырым солай қалыптасты, бұл ауыр кезеңде маған әрбір киевтіктің өмірі үшін үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ешқандай билік адамды құрбан етуге тұрмайды", - деп мәлімдеді қала басшысы.
Киев мэрі Жоғарғы Рада депутаттарын елде ұрыс әрекеттері мен қантөгісті тоқтату үшін Украинаның әскери форма киген азаматтары мен азаматтық киім киген тұрғындары арасында дәнекер болуға шақырды. Ол қақтығыс барысында бір де бір олигарх пен саясаткер өлмегенін, керісінше, ондаған қарапайым тұрғынды жерлеуге тура келіп жатқанын баса айтты.
Еске сала кетейік, Украинада 18 ақпан күні тәртіпсіздіктер қайта күшейген болатын. Оппозиция Жоғарғы Радада 2004 жылғы Конституцияны қалпына келтіруді талап етіп жатқанда, оның жақтастары Киевтегі билік пен құқық қорғау органдары мекемелерін басып алып, милиция қызметкерлеріне шабуыл жасады. Соңғы мәлімет бойынша, елде қанды қырғыннан 35 адам опат болып, жүздеген адам жарақат алды. Украинада мемлекеттік билік органдарының түгелге жуығы дерлік жұмысын тоқтатты.