Украина парламенті Путинді әскер кіргізбеуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина парламенті Путинді әскер кіргізбеуге шақырды ©Neftegaz.ru

Украина Жоғарғы Радасы көпшілік дауыспен Қырым - Украинаның ажырамас бөлігі деп тапты және Ресей Президенті Владимир Путинді әскер кіргізбеуге шақырды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Укринформ"-ға сілтеме жасап. Жексенбі күні жабық жағдайда өткен отырыста осындай шешім қабылданды. "Қырым Автономиялық Республикасы - өз аумағында Украина Конституциясы мен Украина заңдарының күшін жүргізетін оның ажырамайтын құрамдас бөлігі", - делінген Рада депутаттары мақұлдаған мәлімдемеде. Қабылданған шешімде шетелдік әскерилердің қозғалысы тек қана Украина билігімен келісімде іске асырылуы тиіс екені айтылған. Депутаттар жанжалды бейбіт жолмен шешуге шақырды. Жоғарғы Рада "Украина Қарулы күштерін және басқа да әскери құрылымдарды қолдау туралы" қаулы да қабылдады. "Жоғарғы Рада барлық жауынгерлік құрамымен - министрден қатардағы жауынгерге дейін біздің Отанымызды қорғауға дайын тұрған Украина Қарулы күштеріне барынша тілектестік пен жанжақты қолдау көрсетеді", - делінген қаулыда. Депутаттар Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің армияны ұрысқа толық дайындыққа келтіру туралы шешімін де мақұлдады. Еске сала кетейік, бұған дейін РФ Федерация кеңесі Президент Путиннің Украинаға әскер кіргізу туралы ұсынысын қолдаған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети