Сурет infosmi.net сайтынан алынған
"Украина президенті әкімшілігі баспасөз қызметінің басшысы Андрей Лысенко БАҚ-тарда пайда болған "Виктор Януковичтің балалары елден қашып кетті" деген хабарға қатысты "менде мұндай мәлімет жоқ"-деп ресми мәлімдеме жасады" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап. Виктор Януковичтің екі ұлы бар. Александр (1973 жылы туған) және Виктор (1981 жыл). Үлкен ұлы-кәсіпкер, кішісі-Украинаның халық депутаты. Донецкі прокуратурасының дерегіне сілтеме жасаған украиналық баспасөз құралдары, бейсенбі күні, президент Януковичтің екі ұлы отбасымен бірге, жедел, арнай ұшақпен ел аумағынан шығып кеткені туралы ақпарат таратқан. Сондай-ақ, хабарда "Борисполь" әуежайынан "аймақтықтар" Владимир Сальдо мен Таисия Повалийдің де ұшқалы жатқаны айтылған. Сонымен бірге, сол күні бірқатар жергілікті баспасөз құралдары Украинаның ең бай адамы Ринат Ахметовтің, Жоғарғы Рада төрағасы Владимир Рыбактың елден қашқалы жатқаны жайлы ақпарат таратты. Алайда, олардың өкілдері бұл ақпаратты растаған жоқ. Сондай-ақ, ақпанның 20-сыннан 21-іне қараған түні ""Жуляны" халықаралық әуежайының VIP-залы елден кеткелі жатқан жолаушыларға толы, олардың арасында аймақтық партия өкілдері, вице-спикер, министр және басқа да "маңызды кісілер" бар" деген мәліметке қарама-қайшы ақпараттар тарай бастады. Осы уақытта, Киевтегі тәртіпсіздік құрбандарының саны артып бара жатқаны мәлім болды. Украина Денсаулық сақтау министрлігі таратқан соңғы мәліметтерге қарағанда, 75 адам тәртіпсіздік салдарынан көз жұмған. 570-тен аса адам дәрігерлік көмекке жүгінген. Бейсенбі күні кешке Жоғарғы Рада депутаттары шұғыл жиналыс өткізіп, Украина аумағындағы антитеррористік шараларды тоқтатуға дауыс берді. Жұмаға қараған түні Майданда ешқандай қақтығыс болған жоқ. Қазірше, жағдай бір қалыпты.
"Украина президенті әкімшілігі баспасөз қызметінің басшысы Андрей Лысенко БАҚ-тарда пайда болған "Виктор Януковичтің балалары елден қашып кетті" деген хабарға қатысты "менде мұндай мәлімет жоқ"-деп ресми мәлімдеме жасады" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.
Виктор Януковичтің екі ұлы бар. Александр (1973 жылы туған) және Виктор (1981 жыл). Үлкен ұлы-кәсіпкер, кішісі-Украинаның халық депутаты.
Донецкі прокуратурасының дерегіне сілтеме жасаған украиналық баспасөз құралдары, бейсенбі күні, президент Януковичтің екі ұлы отбасымен бірге, жедел, арнай ұшақпен ел аумағынан шығып кеткені туралы ақпарат таратқан. Сондай-ақ, хабарда "Борисполь" әуежайынан "аймақтықтар" Владимир Сальдо мен Таисия Повалийдің де ұшқалы жатқаны айтылған.
Сонымен бірге, сол күні бірқатар жергілікті баспасөз құралдары Украинаның ең бай адамы Ринат Ахметовтің, Жоғарғы Рада төрағасы Владимир Рыбактың елден қашқалы жатқаны жайлы ақпарат таратты. Алайда, олардың өкілдері бұл ақпаратты растаған жоқ.
Сондай-ақ, ақпанның 20-сыннан 21-іне қараған түні ""Жуляны" халықаралық әуежайының VIP-залы елден кеткелі жатқан жолаушыларға толы, олардың арасында аймақтық партия өкілдері, вице-спикер, министр және басқа да "маңызды кісілер" бар" деген мәліметке қарама-қайшы ақпараттар тарай бастады.
Осы уақытта, Киевтегі тәртіпсіздік құрбандарының саны артып бара жатқаны мәлім болды. Украина Денсаулық сақтау министрлігі таратқан соңғы мәліметтерге қарағанда, 75 адам тәртіпсіздік салдарынан көз жұмған. 570-тен аса адам дәрігерлік көмекке жүгінген. Бейсенбі күні кешке Жоғарғы Рада депутаттары шұғыл жиналыс өткізіп, Украина аумағындағы антитеррористік шараларды тоқтатуға дауыс берді.
Жұмаға қараған түні Майданда ешқандай қақтығыс болған жоқ. Қазірше, жағдай бір қалыпты.