Украинада ҰҚШҰ күштерін қолдану мүмкін емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинада ҰҚШҰ күштерін қолдану мүмкін емес ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа. ©РИА Новости

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының хатшылығы қырғыз парламентінің депутаты Тұрсынбай Бакируулудың Украинадағы ішкі саяси дағдарысты шешу үшін Ұжымдық шұғыл әрекет ету күштерін қолдану туралы мәлімдемесін "үлкен таңданыспен" қабылдады, бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" хабарлайды. "Украина ҰҚШҰ-ға мүше емес және 2009 жылдың 14 маусымында бекітілген ҰШӘК туралы келісім бойынша оның аумағында Ұжымдық шұғыл әрекет ету күштерін қолдану мүмкін емес", - делінген ҰҚШҰ хатшылығының мәлімдемесінде. Онда "Ұжымдық шұғыл әрекет ету күштерінің ҰҚШҰ аймағында және нақты құраммен кез келген жағдайға жұмылдырылуы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен консенсус және ұйымға мүше мемлекеттердің бәрінің, соның ішінде, Қырғыз Республикасының да келісімі негізінде іске асырылады" делінген. ҰҚШҰ-ның мәліметінше, келісімдерге сәйкес, ұйымның Ұжымдық шұғыл әрекет ету күштеріне мына міндеттер жүктеледі: тараптардың кез келгенінің аумағында әскери күштерді дайындықты пысықтау мақсатында орналастыру; қарулы шабуылдың, соның ішінде, әскери агрессияның алдын алуға немесе оны тойтаруға және қарулы жанжалдарды залалсыздандыруға қатысу; халықаралық терроризмге, есірткі құралдарының, психотропты заттар мен олардың прекурсорларының, қару-жарақ пен оқ-дәрінің заңсыз айналымына, ұйымдасқан трансұлттық қылмыстардың басқа да түрлеріне қарсы шараларға қатысу; мемлекеттік шекараларға қорған болу жасақтарын күшейту және тараптардың мемлекеттік әрі әскери нысандарын күзету; бірлескен (аймақтық) топтық жасақтарды (күштерді) жедел орналастыруды қамтамасыз етуге қатысу; тұрғындарды әскери әрекеттерді енгізуден немесе оның салдарынан болатын қауіптерден сақтау және төтенше жағдайларды залалсыздандыру мен төтенше гуманитарлық жәрдем көрсету жөніндегі шараларға қатысу. ҰҚШҰ құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети