Украинадағы президент сайлауында Петр Порошенко жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинадағы президент сайлауында Петр Порошенко жеңіске жетті

"Юлия Тимошенко Украинадағы президент сайлауын мойындады. Бірінші кезеңнің алдын ала қортындысы бойынша Петр Порошенко 55,9 пайыз дауыспен жеңіске жетті. Мұндай мәлімдемені "Украинская правда" ақпарат құралы Ұлттық exit poll жасаған сауалнамаға сүйене отырып таратты" деп хабарлайды Tengrinews.kz. Үш әлеуметтік қызмет орталығы - "Деминициативы", КМИС, Разумкова орталығы Ұлттық exit poll өткізген.

Екінші орынды иеленген Юлия Тимошенко 12,19 пайыз дауыс жинаған. Одан әрі Олег Ляшко (8 пайыз), Анатолий Гриценко (6,3 пайыз), Сергей Тигипко (4,7 пайыз) және Михаил Добкин (2,1 пайыз).

УНИАН агенттігінің мәліметіне қарағанда, теледидарлық exit poll да сол сияқты нәтиже көрсеткен: Порошенко - 57,3, Тимошенко - 12,4, Ляшко - 8,7, Гриценко - 6, Тигипко - 4,4, Добкин - 2,3, Вадим Рабинович - 2, Ольга Богомолец - 1,8, Олег Тягнибок - 1,5, Петр Симоненко - 1,3, Дмитрий Ярош - 1,1 пайыз дауыс жинаған. Қалған үміткерлер 1 пайыздық межеден аса алмаған.

Жалпыукраиналық теледидарлық exit poll TNS компаниясы тарапынан, Украинаның төрт телеарнасының - "1+1", ICTV, ТРК "Украина" мен "Интера" тапсырысы бойынша жүргізілген. Сауалнамаға 610 сайлау учаскесінен 20 мың адам қатысқан. Таңдалғандар қатарында Қырым, сонымен қатар Шығыс Украинаның бірқатар қалалары - Краматорскі, Славянскі және Никополь қалалары жоқ деп мәлімдейді басылым.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети