Украинаға шетелден 300 жалдамалы әскер келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киевке шетелдерден жеке әскери компаниялардың 300-ге жуық өкілі келді, бұл туралы "Интерфакс" агенттігіне Украина астанасындағы әскери-дипломатиялық ақпарат көздерінің бірі телефонмен хабарлаған. Ақпарат көзінің хабарлауынша, Киевке Soldiers of fortune ("Сәттілік әскерлері") немесе ұрыс операцияларына қатысу жөнінен бай тәжірибесі бар жалдамалы жауынгерлер жеткізілген. Олардың дені жеке келісімшарт бойынша Ирак, Ауғанстан және басқа да елдерде болған. Хабарлаушының ақпаратына қарағанда, жалдамалы әскерлердің көбі АҚШ-тан. Еске сала кетейік, Украинада бұған дейін де шетелдік жалдамалы жауынгерлердің әрекет еткенін бұқаралық ақпарат құралдары талай жазған еді. Бірақ ақпарат ресми түрде расталмады. Жеткізілген жалдамалы әскерлер батыстан жіберілуі тиіс бақылаушылар миссиясының өкілдері болуы да мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети