18 шілде 2014 | 09:43

Украинаның шығысында малайзиялық Boeing-ті кім атып түсірді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"17 шілде күні Украинаның оңтүстік шығысында малайзиялық жолаушылар тасымалдаушы Boeing 777 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты Украина мен Ресей тараптары, сондай-ақ өздерін республика деп жариялаған "Донецкі және Луганскі халықтық республикасы" өкілдері әртүрлі баға беруде" деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

"17 шілде күні Украинаның оңтүстік шығысында малайзиялық жолаушылар тасымалдаушы Boeing 777 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты Украина мен Ресей тараптары, сондай-ақ өздерін республика деп жариялаған "Донецкі және Луганскі халықтық республикасы" өкілдері әртүрлі баға беруде" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко өзінің Facebook парақшасында "ұшақ террористер тарапынан "Бук" комплексі көмегімен атып түсірілген" деп жазады. "Қазір ғана терористер Путин берген "Бук" зенитті-зымыран комплексінен Торез үстімен ұшып бара жатқан Куала-Лумпур – Амстердам бағытындағы азаматтық авиация ұшағын атып түсірді. Бүгін таңертең жергілікті патриоттар аталмыш комплекстің Торезден Снежноеға қарай бағыт алғанын көрген" деп жазады.

Кейінірек Геращенко лайнерді атып түсіруге қатысы болуы ықтимал "Бук" комплексінің бірі Снежное қаласы орталығында Фуршет дүкенінің артында тұрғанын хабарлады. Оның айтуынша, бүгін Торез және Снежноеда көзге түскен "Бук" қондырғысының террористерге тиесілі екені белгілі болды, сонымен қатар соған қатысты тиісті суреттер жарияланған.

Онан кейін, Аваковтың кеңесшісі бейнежазба жариялап, былай дейді: "Азаматтық ұшақтың 300 жолаушысының өліміне кінәлілер туралы алғашқы кадрлар пайда болды".

Ал Украина президенті Петр Порошенко Донецкідегі малайзиялық ұшақтың апатқа ұшырауын "террорлық акт" деп атады. "Бұл төтенше оқиға не апат емес, бұл террорлық акт" деп мәлімдеді ол.

Порошенконың сөзіне қарағанда, бұл соңғы күндердегі үшінші трагедиялық жағдай. Бұған дейін ресейлік террористер Украина Қарулы Күштерінің АН-26 және СУ-25 ұшақтарын ұрып түсірген болатын. Сонымен қоса ол орын алған жағдайға байланысты мемлекеттік комиссия құруды және оның құрамына Нидерланды мен IKAO Комиссиясы мамандарын қосуды тапсырғанын айтты.

Алайда, өздерін республика деп жариялаған "Донецкі және Луганскі халықтық республикасы" өкілдері бұл жағдайға қатысы бар екенін жоққа шығарып отыр. "Донецкі және Луганскі халықтық республикасы" премьері Александр Бородай РИА Новости ақпарат құралына берген сұхбатында "жасақшыларда 10 километр биіктікте ұшып бара жатқан ұшақты атып түсіретін қару жоқ" деп мәлімдеді.

"Жасақшылардың қолындағы қондырғылармен 2-3 километр биіктіктегі нысананы атып түсіру мүмкін. Сондықтан бұл не Украина әуе күштерінің ісі не Әуе шабуылына қарсы қорғаныс" деп мәлімдеді Бородай.

Сондай-ақ, ол Киевтің Ресей тарапынан болуы ықтимал соққыны қайтару үшін 14 шілдеде өзінің Әуе шабуылына қарсы қорғанысын толық әскери жағдайға дайындағанын айтады. "Шамасы мынау сол дайындықтың салдары болса керек" дейді Бородай.

Ал "Донецкі және Луганскі халықтық республикасы" вице-премьері Андрей Пургиннің болжамы бойынша, малайзиялық ұшақты ресейлік ұшақ деп қабылдаған Украина әскерлері атып түсірген. "Өйткені, украиналық әскерилер ресейлік барлаушы ұшақтардың Украина әуе кеңістігінде ұшып жүргені туралы үнемі ақпарат таратып отырады" дейді ол. Бұл туралы Пургин "Россия-24" телеарнасының эфирінде мәлімдеді.

"Украина әскерлері ұшуға рұқсат етілмеген зонада, жоғары биіктікте ұшушы объектіні анықтаған. Оны не барлаушы ұшақ не ұшқышсыз ұшақ деп ойлап атып түсірген. Өйткені украин әскерлері ресейлік барлаушы ұшақты атып түсіруді мақсат етіп жүрген. Алайда ол ресейлік барлаушы ұшақ болмай шыққан. Ал малайзиялық ұшақ экипажы Украинаның ұшуға рұқсат етілмеген зонасы жайлы білмеген" дейді ол.

"Луганскі халықтық республикасы" Қорғаныс министрі Игорь Плотницкийдің пайымдауынша, малайзиялық Boeing 777 ұшағының апатқа ұрынуы украин әскерлерінің ісі. "Мұны басқа ешкім де істей алмайды. Бұл украин әскерлерінің ісі. Енді Украина тарапының өзін қалай ұстайтыны белгілі. Олар бұл жағдайды өзгелерге арта салады" дейді Плотницкий.

Ал "Луганскі республикасының" баспасөз қызметі "малайзиялық Boeing-777 Украина ӘӘК-нің штурмовигімен атып түсірілген" деп хабарлама таратты. "Куәгерлер Боинг 777 ұшағына Украина ӘӘК-нің штурмовигінің шабуыл жасағанын көрген. Одан кейін жолаушылар ұшағы екіге бөлініп кетіп, "Донецкі халықтық республикасы" аумағына құлаған" делінген хабарламада.

РИА Новости агенттігінің дерек көзі Украина әскері сәрсенбі күні малайзиялық Boeing апатқа ұшырардан біраз бұрын "Бук" қондырғысын Донецкі аумағына әкелгенін мәлімдеген. "Объективті бақылау жүйесінің мәліметіне қарағанда, сәрсенбі күні Украина қарулы күштері Донецкіге "Бук" қондырғысын әкелген. Қазір Харьковте тағы сондай қондырғы жөнелтуге дайын тұр" деп мәлімдеген агенттікке сұхбат беруші дерек көзі.

Дерек көзінің мәліметінше 10 шақырым биіктіктегі ұшақты атып түсіруге С-300 қаруы немесе "Бук" қажет. Ал жасақшыларда ондай қару жоқ.

RT телеарнасы таратқан хабарға қарағанда, "Борисполь" әуежайының қызметкері, тегі испандық авиодиспетчер өзінің Twitter парақшасында, малайзиялық авиолайнер апатқа ұшыраудан сәл алдын радар Boeing 777 маңында украин әскери ұшағын анықтағанын айтады. "Boeing 777 радардан жоғалып кетерден үш минут бұрын әскери ұшақтар дәл соның маңынан ұшып өткен еді" деп жазады Карлос.

"Boeing радардан жоғалып кеткен сол сәтте Киев билігі бізге Boeing 777 ұшағының апатқа ұшырағанын хабарлады. Олар сол сәтте оны қалай білді?" дейді Карлос таңданысын жасырмай.

Ал Малайзия тарапы әзірге болған жағдайға қатысты нақты мәлімдеме жасаған жоқ. Малайзия сыртқы істер министрі Хишамуддин Хусейн өзінің Twitter парақшасында "ведомствоның қолында нақты деректер жоқ" деп жазған.

Сонымен қоса, сыртқы істер министрі авиакомпания өкілдерімен хабарласатынын, сондай-ақ елдің премьер-министрі Наджиб Разакпен байланысып отырғанын мәлімдеген. Бұған дейін Разак малайзиялық ұшақтың Украинада апатқа ұшырауына қатысты тексеру жүргізілетінін мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети