Украинаның шығысындағы арнайы операция жетекшісі қызметінен босады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинаның шығысындағы арнайы операция жетекшісі қызметінен босады

Украина президенті Петр Порошенко Украинаның шығысындағы арнайы операция жетекшісі Василий Крутовты Украина қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары қызметінен босатты. Тиісті қаулы президенттің сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Порошенко келесі қаулысымен Василий Грицакты Украина қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары және антитеррорлық орталық жетекшісі етіп тағайындады.

Сондай-ақ, Порошенко Владислав Бухаревті қауіпсіздік қызметі басшысының бірінші орынбасары- қауіпсіздік қызметі орталық басқармасының жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күрес бас басқармасының бастығын қызметінен босатып, оның орнына Юрий Артюховты тағайындады.

Естеріңізге сала кетсек, сәуір айының ортасында Украина билігі тұрғындардың өздері "Донецкі және Луганскі халықтық республикасын" жариялап алған елдің шығысында арнайы әскери іс-қимылдар бастаған болатын. Сол кезде арайы әскери қимылдардың шұғыл штабын уақытша Украина президенті міндетін атқарған Александр Турчиновтың өзі басқарған еді. Ал әскери іс-қимылды күштік тұрғыдан жүзеге асыруды Крутовқа тапсырған болатын. Мамыр айында Украина пезиденті болып сайланған Порошенко мәселені бейбіт жолмен шешуді ұсынып, 20 маусымда уақытша бітімгершілікке қол жеткізді. Алайда, мерзімі 30 маусымда аяқталған уақытша бітімгершілік кезінде де, қарулы қақтығысты толықтай тоқтату мүмкін болмады. Тараптар бірін-бір "келісімді бұзды" деп айыптаумен болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети