УҚҚ "Россия сегодня" ХАА басшысына қатысты қылмыстық іс қозғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

УҚҚ "Россия сегодня" ХАА басшысына қатысты қылмыстық іс қозғады "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселев. Фото РИА Новости©

Украина қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы УҚҚ басшысы Валентин Наливайченко мәлім етті, деп хабарлайды УНИАН.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы УҚҚ басшысы Валентин Наливайченко мәлім етті, деп хабарлайды УНИАН.

"Украинадағы террорлық әрекеттерді ұйымдастыршылар мен оны қаржыландырғандардың бары күдік тудырмайды. Нақты айтар болсақ осы ақпарат агенттігінің басшысына қатысты терроризмді қаржыландырды, террорлық әрекеттерге ықпал етті деген баптар бойынша тергеу амалдары жүргізіле бастады", - деді УҚҚ төрағасы.

Наливайченко сондай-ақ, УҚҚ РФ ФҚБ Шекара қызметінің басшысы Владимир Кулишоваға да қатысты қылмыстық іс қозғаған. Оған Украинаның шығысындағы терроризмді қаржыландырды және қолдау көрсетті деген айып тағылып отыр.

Ал Кисилев болса РИА Новостиге берген сұқбатында УҚҚ-нің оны терроризмді қаржыландырды деп айыптауы Киев билігінің кезекті ертегілерінің жалғасы деген мағынада пікір білдірген болатын.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети