27 ақпан 2014 | 09:19

Янукович Мәскеу маңындағы Барвихада - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS: Януковичтің Ресейге сапары кезіндегі сурет REUTERS: Януковичтің Ресейге сапары кезіндегі сурет

"Украинаның қашқын президенті Янукович қазіргі уақытта Мәскеу маңындағы Барвихада, Ресей президентінің іс басқармасына қарасты шипажайда көрінеді. Бұл туралы сәрсенбі күні кешке ресейлік РБК ақпарат агенттігі мәлім етті" деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Аттары аталмаған, әлдебір ресейлік ірі кәсіпкер мен жоғарғы лауазымды ресейлік шенеунік 24-нен 25-не қараған түні Януковичтің Мәскеуге келгенін айтады. Тақтан тайған президентті "Украина" қонақүйінде көрген. Бір топ мейман қонақүйдің 11 қабатында орналасқан мейрамханада түні бойы отырған. Қонақтарды арнай жасақ күзеткен, қызметшілер жиынға кіргізілмеген. Янукович қонақ үйде қалмай, сол жерден Барвихаға кеткен. РБК деректеріне қарағанда, Украинаның бұрынғы бас прокуроры Виктор Пшонка да Мәскеуде. Дәл соған ұқсайтын адам сәрсенбіде "Украина" мейрамханасында болған. Дегенмен, Виктор Януковичтің Мәскеу маңында екіндігі туралы ақпаратты ресми түрде ешкім растаған жоқ. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков пен Президенттік іс басқармасының өкілі Виктор Хреков қолдарында ондай мәліметтің жоқ екенін айтқан. 26 ақпан күні Украина Бас прокурорының орынбасары Николай Голомша Виктор Януковичтің Украинада екенін хабарлаған болатын. Ал, сол күні бас прокурор Олег Махницкий Виктор Янукович пен ішкі істер экс-министрі Виталий Захарченкоға жаппай тәртіпсіздікке қатысты халықаралық іздеу жариялағанын мәлім етті. Естеріңізге салсақ, 22 ақпанда Жоғарғы Рада Виктор Януковичті қызметінен кетіріп, мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді 25 мамырға белгіледі. Оған дейін уақытша ел басқару міндеті спикер Александр Турчиновқа жүктелді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети