Юлия Тимошенко Майданда сөз сөйледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Юлия Тимошенко Майданда.  "Еспресо-ТВ" телеарнасы түсірген көрініс Юлия Тимошенко Майданда. "Еспресо-ТВ" телеарнасы түсірген көрініс

Ақпанның 22-і күні түрмеден босап шыққан Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко Майданның негізгі күші шоғырланған Киевте халық алдында сөйледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Сегодня ua". сілтеме жасап. Юлия Тимошенко шерушілерге тарап кетпеуге, қойылған барлық талаптар орындалмайынша соңына дейін тұруға шақырды. "Кімде кім әділ жолмен сайланбайынша, тұрған орындарыңызды тастап кетуші болмаңыздар. Бізге халықтан алшақ тұрған мұндай саясат керек емес. Сіздерде бар күш жағдайды қалыпқа келтіретіні сөзсіз", - деді Юлия Тимошенко. Ол сондай-ақ, сөз арасында Виктор Янукович пен оның айналасында жүргендерді өтіп жатқан Майданға әкелінсе деді. Юлия Тимошенко Майданға келмес бұрын Грушевский көшесімен мүгедектерге арналған арбамен жүріп өтіп, оппозиция жақтастары мен құқық қорғау орган қызметкерлері арасында болып жатқан қанды қақтығысты көрді. "Украинаны құтқарушы" халыққа алғысын айтып, қақтығыстар кезінде қаза тапқандардың құрметіне гүлшоқтарын қойды. Еске саламыз, Юлия Тимошенко Украинаның Жоғарғы Радасының шешімімен ақпанның 22-і күні қамаудан босап шыққан. Оған дейін депутаттар Юлия Тимошенконы босатуды көздейтін Заңға дауыс берген. Жоғарғы Рада сондай-ақ, Виктор Януковичті қызметінен босату, Конституцияның 2004 жылғы үлгісіне қайтып келуге және 2014 жылы мамырда мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді қолдап дауыс берген-тін. Айта кетейік, Юлия Тимошенко бұған дейін президент сайлауына қатысуға ниетті екенін де жариялаған болатын.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro