Абай облысында 6 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті сөндіруге көмектесіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Абай облысында 6 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті сөндіруге көмектесіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Орман шаруашылығы комитетінің ақпаратына сәйкес өрт ауданы - 30 000 гектар. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 600 аса адам, 168 техника жұмылдырылған.
6 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылып жатыр. Өрт ошақтарына әуеден 55 рет су төгілді, жалпы көлемі 154 тонна болады.
"Министр Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттілігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты. Министр ТЖМ Дағдарыс жағдайында басқару орталығындағы штабты жеке өзі басқарады", - делінген хабарламада.
"Қазгидромет" мәліметінше, 9 маусымдағы деректері бойынша: күндіз облыстың солтүстігінде, батысында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 градус жылы, күндіз 29-34 градус жылы, облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!