Абай облысында өртті сөндіруге күштер мен құралдар жіберіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Абай облысында өртті сөндіруге күштер мен құралдар жіберіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
"Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес бүгін таңғы сағат 4-те өрт орнына Қарағанды мен Алматы облыстарынан ҚР ТЖМ 52859 және 28237 әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері өрт орнына жіберілді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Абай облысында 3 учаскеде: Поднебесное, Успенка ауылдарында, Каштак орманшылығында өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Аэровизуалды тексеру жүргізіліп жатқаны айтылды.
"Сонымен қатар, өрт орнына арнайы байланыс құралдарымен жарақтандырылған жылжымалы басқару пункті қосымша жіберілді, басқару органы ол жерден де төтенше жағдай аймағында өз функцияларын жүзеге асырады", - делінген хабарламада.
ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Абай облысындағы жағдай туралы қосымша ақпарат берді. Оның айтуынша, қазіргі жағдай тұрақты. Тікұшақпен өртті барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған сегіз тікұшақ тартылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!