Жарма ауданында өрттен зардап шеккен ТЖМ қызметкерлерінің жағдайы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлеметіне сілтеме жасап.
Жарма ауданында өрттен зардап шеккен ТЖМ қызметкерлерінің жағдайы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлеметіне сілтеме жасап.
"ПП-22 бөлімшесінің командирі Амангелді Тұрлыбеков республикалық медициналық авиациямен Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Жарма ауданы, Әуезов ауылының ПП-22 өртсөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғаудың жеке қызметкері Сәлімжан Нұрланның қолын термиялық күйік шалған. Қазір ол Шар қаласындағы ауруханада дәрігерлердің бақылауында", - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Абай Манарбек Шапағатов.
Манарбек Шапағатов. Сурет: Аделина Андреева
Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, кейінгі аптада Үржар, Абай, Жарма, Ақсуат және Бесқарағай өңірлерінде дала өрті болған. Оны жоюға 608 адам, 94 техника жұмылдырылды.
Биыл 6-9 қыркүйек аралығында Абай ауданында барлығы 7 мың гектар аумақта тоғыз табиғи өрт тіркелген. Оның ішінде орманды аймақ – 4,6 гектар Бесқарағай ауданында. Сондай-ақ, жалпы аумағы 1000 гектарға жуық жерде 27 өрт ошағы тіркелген.
Үржар өңіріндегі табиғи өрт ауданы 5960 гектар болды. Өрт 9 қыркүйекте түстен кейін сөндірілді.
Абай ауданында ірі дала өрті сөндірілді. Өртсөндіруші Айдос Тоғызбаев қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты. Өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі Амангелді Тұрлыбеков, өртсөндіруші-құтқарушы Сәлімжан Нұрлан түрлі дәрежедегі күйік алып, Жарма ауданы, Шар қаласының ауруханасына жатқызылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!