Алматы облысында дельтаплан құлап, бір адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында дельтаплан құлап, бір адам зардап шекті Видеодан кадр

Алматы облысында екі адам отыратын дельтаплан құлады. Салдарынан 1996 жылы туған қыз зардап шекті. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметіндегілер айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында екі адам отыратын дельтаплан құлады. Салдарынан 1996 жылы туған қыз зардап шекті. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметіндегілер айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апат орны түсірілген видео Instagram-дағы kris_p_almaty парақшасында жарияланды.

Куәгерлердің айтуынша, апат Қапшағай тасжолында болған. Кадрдан құлаған дельтапланның қасында жедел жәрдем көлігі тұрғанын көруге болады.

Жағдайдың мән-жайын ТЖД баспасөз қызметіндегілер айтып берді. Құтқарушыларға  ұшқыш аппараттың құлағаны туралы 31 мамыр күні сағат 20.57-де хабарлама түскен. ТЖД қызметкерлері Алматы - Өскемен автожолына, Бақанас ауылына қарай жол айырығына барған.

"Ұшқыштың айтуынша, дельтаплан шамамен 5-10 метр биіктікте ұшқан және өшіп қалған. Қонайын дегенде автожолдың шетіне құлайды. Салдарынан бір адам зардап шеккен және Қапшағай қалалық ауруханасына жеткізілді. Қазақстанның азаматы, 1996 жылы туған. Жағдайы орташа дәрежеде деп бағаланды. Екінші адам - ұшқыш, ауруханаға жатқызылмады", - деп хабарлады ведомстводан.

Апаттан құтқаруға Алматы облысы ТЖД 10 қызметкері 3 техникамен шыққан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети