Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді Фото:depositphotos.com

Алматыда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылықтардың смартфондарына келген хабарландыру қызметі жер сілкінісінің шамамен магнитудасы 6,2 болғанын хабарлайды.

Алматылықтар үрейленіп, далаға шығып, қаладан шығатын жолдарда кептеліс пайда болды.

"Өзара әрекет ету алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдар хабардар етілді, қирау, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарының қирауы мен зақымдалуын визуал тексеру туралы мәлімет жинау үшін ақпарат берілді", - деп хабарлады Алматы ТЖД.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "НТЦСН и И" сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09:02-де (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 15,1.

Магнитудасы – MPV 6.7.

Тереңдігі – 65 шақырым.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкент 2 балл болып сезілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети