Алматыда алты адам тоқтап қалған лифтіде тұншыға жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда алты адам тоқтап қалған лифтіде тұншыға жаздады Фото pixabay.com

Алматыда "Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінде 22-қабатта лифт тоқтап қалды. Ішінде болған үш ересек адам мен үш бала тұншыға жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ТЖД Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінде 22-қабатта лифт тоқтап қалды. Ішінде болған үш ересек адам мен үш бала тұншыға жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ТЖД Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Оқиға 16 қазанда болған. Сағат 18.52-де алматылық әйел 112-ге қоңырау шалып, "Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінің 22-қабатында лифтінің ішінде қалып қойғанын хабарлайды. Олар алты адам болған: үш ересек, үш бала. Қоңырау шалған әйел балаларға ауа жетпей, тұншығып жатқанын айтқан. Қоңырауды шұғыл кезекшінің көмекшісі, азаматтық қорғаныс сержанты Гүлдана Мінтаева қабылдаған.

"Қоңырау қабылданды, лифтіге қызмет көрсететін қызметкер тез табылды. 10 минуттан кейін адамдар лифтіден шығарылды. ПИК басшылығына хабарласып, абайсыз болғаны ескертілді", - деді ТЖД қызметкерлері.

Төтенше жағдай департаментіндегілердің айтуынша, тәулігіне 112 нөміріне 1500-2500 қоңырау түседі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети