Алматыда хостелде өрт шықты: 13 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда хостелде өрт шықты: 13 адам қаза тапты

Алматыда 13 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 13 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Бірінші өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 7 минутта жеткен. Келген уақытта 3 қабатты тұрғын үйдің хостелге айналдырылған 1 қабаты мен жертөлесінде өрт шыққан. Өрттің жалпы ауданы болжам бойынша 30 шаршы метр болады.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт 06:22-де сөндірілді. Барлау және өртті сөндіру барысында алдын ала 13 қаза болған адам анықталды, олардың жеке басы анықталып жатыр. Болжам бойынша, олар көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болған.

Жатақханада 72 адам болған, 59 адам өздері шыққан. Өртті сөндіруге Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 46 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылды.

Өрт пен адам қазасының себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети