Алматыда коменданттық сағат енгізілді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда коменданттық сағат енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президенттің қаладағы төтенше жағдай туралы Жарлығында айтылды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда коменданттық сағат енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президенттің қаладағы төтенше жағдай туралы Жарлығында айтылды.

Қаулы Алматы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Төтенше жағдай 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін енгізіледі. Коменданттық сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін болады. Алматы қаласының Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов комендант болып тағайындалды.

Төтенше жағдай кезеңінде:

  • қоғамдық тәртіпті сақтауды, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандарды, сондай-ақ, халықтың тыныс-тіршілігін және көлік жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нысандарды күзетуді күшейту;
  • Алматыда жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдарына шектеулер енгізу; жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруді, жеке тексеруді, олардың алып жүрген заттарын, көлікті тексеруді қамтамасыз ету;
  • Алматыға кіріп-шығуды шектеу;

  • бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;

  • заңды тұлғалардың ереуілдеріне тыйым салу;

  • қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, арнайы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салу, дәрілік, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ, этил спиртінің, алкоголь өнімінің сауда айналымын бақылау;

  • жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәрілерді, улы заттарды уақытша алу, ал заңды тұлғалардан қару, оқ-дәрілер және улы заттармен қатар жауынгерлік, оқу әскери техникасын, жарылғыш, радиоактивті заттарды уақытша алу қамтамасыз етілсін.

Алматы, ІІМ, ҰҚК, Қорғаныс министрлігі және ТЖМ төтенше жағдай режимі кезінде қолданылатын шараларды жүзеге асыруға жауапты саналады.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course down  588.21  course down  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro