Алматыда өртсөндірушілер оқушы қызды аман алып қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өртсөндірушілер оқушы қызды аман алып қалды "КТК" кадры

Алматыда өртсөндірушілер 14 жастағы қызды аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өртсөндірушілер 14 жастағы қызды аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Олар келгенде ғимараттың шатыры өртеніп жатқан. Оқиға куәгерлері үйде ешкім жоқтығына сенімді болған. Бірақ іште жасөспірім болған.

Шығатын жол жабық, терезе металл тормен жабылған. Құтқарушылар сыртқы есікті ашып, оқушы қызды сыртқа шығарған. Қызды дәрігерлер тексерді, оның өміріне ешқандай қауіп жоқ.

Өртсөндірушілер өртті жарты сағатта сөндірді. Қазір тергеушілер өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

"Мамандандырылған жасақ бөлімшелері келгеннен кейін төрт минуттан соң жалпы алаңы 80 шаршы метр болатын шатыры бар үй өртеніп жатқаны анықталды. Қазір мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр", - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Гүлдана Нұрымбетова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети