Алматыда тау бөктеріндегі шағынауданда төтенше жағдай болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тау бөктеріндегі шағынауданда төтенше жағдай болды видео кадры

Алматыдағы Думан шағынауданында 3 мамырда тауда орналасқан ескі резервуардан су ағып, үйлерді су басты. Бұл туралы төтенше жағдайдың салдарын видеоға түсірген куәгерлер хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Думан шағынауданында 3 мамырда тауда орналасқан ескі резервуардан су ағып, үйлерді су басты. Бұл туралы төтенше жағдайдың салдарын видеоға түсірген куәгерлер хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар резервуарларда жарықтар барын ескерткен. Бірақ оларды ешкім тыңдамаған. Енді сол жарықтардан су ағып жатыр.

Видео авторларының айтуынша, әкімдік олардан үйлерін тастап, 9-10 күнге басқа жаққа көшуді сұраған. "Ешкім үйінен кеткісі келмейді, өйткені кейін қайтатын жер болатынына кепілдік жоқ", - дейді тұрғындар.

"Думан шағынауданы, Ақ Жайық көшесі. Мұнда таулы аймақ, шоқы бар. Ұзындығы 100 метр, тереңдігі 30 метр болатын сумен жабдықтау резервуары. Екі резервуар бар. Не құбыр тесілген, не суды жабатын шүмек сынып қалған. Көше бойымен су ағып жатыр. Қазірдің өзінде екі үйді су басқан. Су тоқтамаса, мына шоқы сырғып түседі", - дейді видеодағы куәгерлердің бірі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети