Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ленин атындағы шахтадағы жарылысқа байланысты жағдайды бақылауға алуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ленин атындағы шахтадағы жарылысқа байланысты жағдайды бақылауға алуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенат кулуарында журналистер спикерден "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы неге шахталардағы техниканы жаңартпайтынын сұрады.
"Жалпы, өкінішке қарай, осындай жағдайлар болған кәсіпорын иелеріне, акционерлеріне белгілі бір сұрақтар бар. Әрі қарай басшылық пен акционерлер өз кеніштерінде, өндіріс орындарында, кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілуі үшін ең қажетті шараларды қабылдауы керек екенін білемін. Депутаттар тарапынан, Сенат тарапынан біз бұл мәселені бақылауға аламыз", - деді Әшімбаев.
Сонымен қатар, Сенат спикері мұндай оқыс оқиғалардың алдын алу шаралары қолға алынатынын баса айтты.
"Үлкен қасірет. Қазір бүкіл қоғам мұндай жағдайды барынша азайту үшін шаралар қабылдауды талап етіп отыр. Әрине, мұндай оқиғалар қайталанбауы үшін барлық қажетті шараларды жасаған жөн. Осыған байланысты басты мәселе - еңбек қауіпсіздігі мәселесі, мұндай қайғылы оқиға неге болды?"
"Енді тиісті мемлекеттік орган өкілдерін, министрлік басшыларын тыңдаймыз. Біздің заңнаманы қай жерде күшейту керектігін көрейік. Қажет болған жағдайда өндірістерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті күшейту қажет. Мұның нақты себебі не, комиссия аықтайды. Нәтижесінде мен сіздермен тағы да кездесуге дайынмын", - деді Әшімбаев.
Еске салайық, 3 қарашаға қараған түні Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде төтенше жағдай болды. Бес кенші қаза тапты. Қазіргі уақытта тағы бір кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!