Астанадағы алапат өрт: пәтерлер бюджет есебінен жөнделе ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы алапат өрт: пәтерлер бюджет есебінен жөнделе ме? Фото: Астана әкімдігі

Астанада өрт салдарынан бүлінген пәтерлер бюджет есебінен жөнделе ме? Әкімдік жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада өрт салдарынан бүлінген пәтерлер бюджет есебінен жөнделе ме? Әкімдік жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

22 маусымда өрт шыққан "Rixos Khan Shatyr Residences" ТК қатысты әкімдік құрған комиссия ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.

"Өрттен зақым келген пәтерлер мен қасбетті жөндеу шығыны бюджет есебінен өтелмейді. Комиссия ғимаратты ары қарай пайдалану бойынша техникалық мәселелерді қарайды. Аталмыш үйде өрт болғанын ескерсек, бұл – төтенше жағдай, қала әкімдігі ұйымдастырушылық мәселелер бойынша көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, өрт 22 маусымда түс ауа Астанада болған. Оқиғаның бейнежазбасын куәгерлер редакцияның WhatsApp-нөміріне жіберді. Оларды мына сілтемеден көруге болады.

Өртсөндірушілер бірнеше сағат бойы өрт пен түтінге қарсы күресті. Өрт түскі сағат екілер шамасында байқалған. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт кешкі сегізден кейін сөндірілгенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети