Ауыл шаруашылығы министрі шегіртке қаптау себебін түсіндірді

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрі шегіртке қаптау себебін түсіндірді Фото:elements.envato.com

Үкімет кулуарында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстан алқаптарында шегіртке қаптау себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет кулуарында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстан алқаптарында шегіртке қаптау себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Шегірткенің қаптау - 3 түрлі: азиялық, мароккалық және итальяндық прус - себебі күн белсенділігімен байланысты. Әр 11 жылда қайталанатын құбылыс. Биыл осы процесс шегіне жетіп тұр. Табындап үшқан зиянкестер жұмыртқа салып үлгерген. Болжам бойынша келер жылы шегіртке биылғыдан екі есе көп болуы әбден мүмкін. Шегіртке, шартты түрде 100 жұмыртқа немесе мың жұмыртқа сала алады. Дәл осы жылы шегірткелердің саны күрт артқан", - деді Қарашөкеев.

Еске сала кетейік, Қостанай мен Қазақстанның бірқатар батыс облыстарының шаруалары биыл шегірткенің күрт көбейіп кетуіне байланысты дабыл қағып отыр. Бұл жәндіктер жолындағының бәрін жояды. Жергілікті диқандар егінге қауіп төніп тұрғандықтан, мәселемен жалғыз қалдық дейді. Шаруалар аймақта төтенше режим енгізуді сұрап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети