Екібастұз маңындағы қайғылы оқиға: өрт кезінде алты адам қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұз маңындағы қайғылы оқиға: өрт кезінде алты адам қаза тапты Фото:depositphotos.com

Павлодар облысында өрт кезінде алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында өрт кезінде алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаза тапқандардың сүйегі Екібастұз маңындағы Солнечный кентінен жеті шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығынан табылған. Бір адам қашып үлгерген. Қазір ол ауруханада.

Павлодар облыстық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама 9 қазанда сағат 06:34-те түскен. Оқиға орнына облыстың ТЖД күштері жеткен.

Жалын 920 шаршы метр аумақты қамтитын іргелес ғимараттарға да тараған.

"Өрт кезінде үйде 7 адам болған. Олардың бірі, яғни 1972 жылы туған ер адам өз бетінше шығып үлгерген. Жедел жәрдем бригадасы оны медициналық мекемеге жеткізді. Оқиға орнынан алты адамның сүйегі табылды", - деді өңірдің ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети