Жаңатаста үйлерді су басты: облыс әкімдігі мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңатаста үйлерді су басты: облыс әкімдігі мәлімдеме жасады Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Сарысу ауданында төтенше жағдай салдарынан болған мән-жайға байланысты материалдық шығынды зерделеу бойынша жұмысшы топ құрылды. Жаңатаста толассыз жауған жаңбыр салдарынан үйлер мен аулаларды су басқан еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарысу ауданында төтенше жағдай салдарынан болған мән-жайға байланысты материалдық шығынды зерделеу бойынша жұмысшы топ құрылды. Жаңатаста толассыз жауған жаңбыр салдарынан үйлер мен аулаларды су басқан еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 шілде күні Сарысу ауданы аумағында қатты жауын-шашын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, бірқатар көшедегі 400-ден астам үйдің ауласы, 47 үйдің іші мен 1 мектептің жертөлесін су алды.

"Төтенше жағдай салдарынан болған материалдық шығынды зерделеу бойынша жұмысшы топ құрылып, жұмыс жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Жаңатастағы екі елді мекенде (Малоэтажка, Дегерес) жарық қосылған. Тек Қонаев орта мектебінде судан тазарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жарық әлі берілмегені айтылды.

Зардап шеккен тұрғындар үшін 105 орындық екі қабылдау пункті дайындыққа келтіріліп, оған 12 адам орналыстырылған. Қазір олар өз еріктерімен үйлеріне қайтарылды.

Жаңатас–Саудакент тасжолы ашық. Төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау қызметтерінен 282 адам, 64 техника, 35 мотопомпа және 1 ұшқызсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети