05 қыркүйек 2022 15:09

Қостанай облысындағы өрт: қалай көмек жіберуге болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Tengrinews.kz Қостанай облысында өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсететін ресми арна мәліметтерін жинады.


Tengrinews.kz Қостанай облысында өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсететін ресми арна мәліметтерін жинады.

Amanat партиясы "Қайырымдылық KZ" қоғамдық қорын Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсететін бірыңғай қор ретінде анықтады.

Қор деректері:

БИК 220640046689
ИИК KZ82601 A22100 1568 401
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ
БИК HSBKKZKX
Кбе 18

Мәжіліс депутаты Константин Авершин бұл есепшот өрттен зардап шеккендерге ақша жинайтын елдегі жалғыз есепшот екенін нақтылады.

"Мәжіліс депутаттары бір күндік табыстарын зардап шеккендерге көмек көрсету қорына аударады. Менің білуімше, ресми түрде бір қор жұмыс істейді. Біздің "Мен алматылықпын" қоғамдық қозғалысы да кейінірек, Landing page толық дайын болған кезде жинауы мүмкін", - деді Мәжіліс депутаты.

Сенаторлар да бір күндік табыстарын қорға аударды.

Сондай-ақ, кешеден бері республика бойынша партияның облыстық филиалдары жанынан гуманитарлық көмек қабылдайтын пункттер ашылды. Азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар, тұрмыстық техника және т.б. қабылданады. Филиалдардың мекенжайларын мына жерден тексеруге болады.

Сурет: amanatpartiasy.kz

Көмек жинауды Қазақстан халқы Ассамблеясы да ұйымдастырған. Кешеден бері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардағы Достық үйлерінде ерікті орталықтар негізінде қаражат пен қажетті заттарды жинау үшін жедел штабтар құрылған. ҚХА мәліметінше, эвакуацияланған азаматтар азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен және төсек-орынмен қамтамасыз етілген.

Зардап шеккендерге ашылған ағымдағы шот: +7 747 482 64 49.

Гуманитарлық көмек (киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдар, төсек-орын жабдықтары) жинау туралы сұрақтар бойынша +7 705 558 05 08 телефонына хабарласуға болады. Бұл Қостанай облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" мекемесі басшысы Рамазанова Наталья Сергеевнаның жеке нөмірі.

Нұр-Сұлтан қаласында Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9 мекенжайы бойынша көмек жинау ұйымдастырылды. Жинаққа қатысты сұрақтар бойынша негізгі заттарды алу бойынша үйлестірушіге мына телефондар арқылы хабарласуға болады: + 7 702 481 20 38, +7 701 466 03 45.

Көмекті жеке еріктілер де ұйымдастырыды. Астаналық Арай Ордабаева Арбаттағы павильонға көмек жинау пунктін ұйымдастырған. Оның айтуынша, бірінші кезекте жылы киім, тұрмыстық заттар, көрпе, жеке гигиена құралдары. Көмек жинау қыркүйек бойы күн сайын сағат 14:00-ден 21:00-ге дейін жүргізіледі. Бойжеткен ақша жинамайтынын түсіндірді.

Сурет: Facebook/Арай Ордабаева

Алматыда әкімдік Байтұрсынов көшесі, 22, 1-пәтер мекенжайы бойынша Depo Evolutions Park штабын анықтады. Азық-түлік, ұзақ сақтауға арналған өнімдер, дәрі-дәрмек, гигиеналық құралдар, киім-кешек пен төсек-орын жабдықтары жиналып жатыр. Көмектесемін, ерікті боламын немесе азық-түлікпен көмектесемін деушілер болса, Алматы қаласы бойынша волонтерлар фронт-офисінің басшысы Нұрсұлтан Болатұлына + 8 707 438 77 33 телефонына хабарласуын сұраймыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети