Қостанай облысындағы өртті сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысындағы өртті сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылды Видео кадры

Әскери-әуе күштері армия авиациясының Ми-171 тікұшақтары Қостанай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әскери-әуе күштері армия авиациясының Ми-171 тікұшақтары Қостанай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өртті әуеден сөндіру үшін арнайы аспа жүйесі бар Ми-171 тікұшағы пайдаланылған. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі мәліметінше, өрт сөндіру жүйесі бар Ми-17 тікұшақтарының тағы үшеуін бөлу жоспарланған.

"Резервуарға үш мың литр су сыйады. Қазірдің өзінде 60 мың литрге жуық су төгілді. Жағдайды қою түтін қиындатып отыр", - деді министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.

Сонымен қатар, әуе шабуылы әскерлерінің жеке құрамы апат аймағына ауыстырылған. 200-ге жуық десантшы көмек көрсетеді.

"Әскери авиация ұшқыштарының тәжірибесі мол, өйткені жауынгерлік дайындық бағдарламасына жету қиын аймақтардағы өртті сөндіру бойынша жаттығулар кіреді", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети