07 ақпан 2021 17:56

Нұр-Сұлтаннан шығатын тасжолда 800-ден аса көлік жиналып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі. Фото: Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан жүк және жеңіл көліктердің ұзын-сонар кептелісі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан жүк және жеңіл көліктердің ұзын-сонар кептелісі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода 2021 жылғы 7 ақпанда таңертең Щучинскіден Нұр-Сұлтанға дейінгі шепте, Нұр-Сұлтаннан Көкшетау және Қостанай облысына қарай жолдың ашылуын күткен 800-ден аса жеңіл және жүк көлігі жиналып қалғанын хабарлады.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, сағат 13.15-те Нұр-Сұлтан қаласынан Щучинск бағытына полиция мен жол қызметі қызметкерлерінің ілесуімен 300-ге жуық, ал Нұр-Сұлтан қаласына 500 көлік шыққан.

Сағат 15.30-да Щучинск және Нұр-Сұлтан қаласында көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді. Қазіргі уақытта Қостанай облысы тасжолында көліктер жоқ. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Айта кетейік, 6 ақпаннан бастап еліміздің сегіз өңірінде: Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының нашарлауына (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, боран) байланысты тасжолдар жабылды.

Сондай-ақ, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті тасжолдағы өрт оқиғасы туралы хабарлады.

"Сағат 14.14-те Щучинск қаласы ауданындағы Нұр-Сұлтан - Петропавл тасжолында 10 шаршы метр жерде жеңіл көлік өртенген. Өрт 14.40-та толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге ТЖД-дан 10 қызметкер мен екі техника шықты", - деп хабарлады ТЖД.

Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарынан елді мекендерден шықпауды, қажет болған жағдайда пойыз арқылы қатынауды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети