Семейдегі ЖЭО-1-де өрт шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейдегі ЖЭО-1-де өрт шықты Фото:semeytke.kz

15 желтоқсанға қараған түні Семейдегі ЖЭО-1-де өрт шықты. Күтпеген жағдай кейбір жүйелердің істен шығуына әкелді. Бұл туралы "Жылукоммунэнерго" МКК хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 желтоқсанға қараған түні Семейдегі ЖЭО-1-де өрт шықты. Күтпеген жағдай кейбір жүйелердің істен шығуына әкелді. Бұл туралы "Жылукоммунэнерго" МКК хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"15 желтоқсанда сағат 00:30-да ЖЭО-1-де отынмен қамтамасыз ету жүйесінің бірінші конвейерінде өрт шығып, отынмен қамтамасыз ету, мазут нысандарының қуат бергіштерінің істен шығуына әкеп соқты. Бұл жағдай салқындатқыш параметрлерінің төмендеуіне де әкелді", - деді "Жылукоммунэнерго" МКК өкілдері.

Мамандардың айтуынша, салқындату параметрлерінің төмендеуі қазандықтардағы жүктеменің төмендеуіне байланысты болған. Өрт салдарын жылумен жабдықтау ұйымы және "ОЭСК" АҚ бригадасы жойып жатыр.

Қазіргі уақытта ЖЭО-1-де №2 қазандық жұмыс істеп тұр, сонымен қатар бір қазандық мазутпен жұмыс істеп тұр, деп хабарлады "Жылукоммунэнерго".

Жылу көзінің жұмысы нақты қашан қалпына келтіріліп, өрттің салдары қашан жойылатынын жылумен жабдықтаушы ұйым нақтылаған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети