03 қараша 2022 | 09:59

Шахтадағы төтенше жағдай: қаза тапқандар саны артты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет:  ©Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: ©Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысындағы Ленин атындағы шахтада метанның жарылуы салдарынан тағы бір жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​облысындағы Ленин атындағы шахтада метанның жарылуы салдарынан тағы бір жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сағат 09:09-да бесінші жұмысшының денесі табылды", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов.

Сондай-ақ, шахтада зардап шеккендердің жағдайы айтылды. Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, бастапқыда жарақат алған кеншілер Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілген.

"Алдын ала диагноз - метаннан улану, зардап шеккендердің екеуі Х.Ж.Токсикология бөліміне жатқызылды.

Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана мамандарынан құралған санитарлық авиация бригадасы медициналық мекемеге кеңес беру үшін келді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, оқиға орнында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, қала басшысы, серіктестік басшылығы жүргені белгілі болды. Жедел-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде газ шыққаны хабарланған болатын. Салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети