Жедел штабтың кейінгі мәліметі бойынша, Шығыс Қазақстан облысында орман өрттерінің үштен бірі жойылған, бірақ бір учаскеде жағдай шиеленіскен күйде қалып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жедел штабтың кейінгі мәліметі бойынша, Шығыс Қазақстан облысында орман өрттерінің үштен бірі жойылған, бірақ бір учаскеде жағдай шиеленіскен күйде қалып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өртті сөндіруге 1167 адам, 123 техника, екі Ми-8 тікұшағы, екі Ми-2 тікұшағы, еурокоптер және төрт жанармай құятын көлік жұмылдырылған.
Күршім аймағындағы жағдай шиеленіскен күйде қалып отыр. Қатты жел өртсөндірушілер жұмысын қиындатып отыр, қазір өртті сөндіруге 300-ге жуық адам, екі тікұшақ пен 34 техника жұмылдырылған. Мұндағы жұмыс түнде де тоқтамайды.
"Күршім ауданында "Марқакөл орман шаруашылығы" РММ, Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағында шөптер, бұталар, ағаштар өртенді. Өрт жайылған алдын ала аумақ - 1 800 гектар. Жақын орналасқан елді мекендерге қауіп жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Алтай ауданында "Зырян орман шаруашылығы" КММ және "Быков орманшылығы" аумағындағы бұталар мен шөптерді жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, "Қазавиаорманқорғау", ШҚО ТЖД өртсөндірушілері таулы жерлерде 1400 гектар алдын ала алаңда өрт сөндіруді жалғастырып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ.
ШҚО ТЖД-да және өрт болған жерде жедел штабтардың жұмысы ұйымдастырылды. Жоюға барлығы 350-ден аса адам мен 33 техника жұмылдырылған.
"Катонқарағай ауданында, Алтынбел ауылынан 12 шақырым, "Большенарым орман шаруашылығы" КММ, Ново-Березовка орманшылығының аумағында орман аймағында бұта, құрғақ шөп өртенеді, алдын ала ауданы 1900 гектар. Өртті жоюға 350 адам және 27 техника, ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, ЖАО, халық, полиция жұмылдырылды. МИ-2 және МИ-17 тікұшақтары тартылды. Құйған ауылдық округі аумағында шөп пен бұталар өртенді, өртті сөндіру жетуі қиын жерлерде болғандықтан қиындық тудырған, алдын ала аумақ 200 гектар орман аймағында өрттің таралуы 17,5 гектар алаңда тоқтатылды, өрт тек дала аймағында ғана жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті жоюға ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, ЖАО, полицияның 70-тен аса адамы мен 18 техникасы жұмылдырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!