СҚО-да газ жарылып, 9 адам зардап шекті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Солтүстік Қазақстан облысында ірі кәсіпорында газ жарылып, тоғыз адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында ірі кәсіпорында газ жарылып, тоғыз адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданына қарасты Ильичевка ауылында болған. Оқиға куәгерлері әлеуметтік желілерге видео жүктеп, өрттің "Тайынша-Май" ЖШС-де болғанын хабарлаған. Жинақтаушы цистерналары жарылып, Volvo маркалы газтасушы көлік өртенгені хабарланды.

СҚО Полиция департаменті бұл оқиғаны растады.

"25 маусымда Тайынша ауданы полициясының кезекші бөліміне Тайынша ауданындағы кәсіпорындардың бірінің аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша кәсіпорынның екі жинақтаушысы тұтанып, жарылған. Артынша Volvo газтасушы көлік тұтанған. Өрт сөндіру бөлімшелері, полиция қызметкерлері және төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады оқиға орнында.

Ресми мәлімет бойынша, оқиға салдарынан тоғыз адам зардап шеккен, олардың сегізі ауруханаға жатқызылған.

"Осы факт бойынша жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Тайынша ауданының төтенше жағдайлар бөліміне берілді", – деп қосты полиция өкілдері.

СҚО ТЖД аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады. СҚО денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің бірқатары Тайынша ауданының көпсалалы ауданаралық ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Тағы бірнеше адам Ақмола облысының ауруханасына жеткізілген. Зардап шеккендердің жағдайы туралы кейінірек хабарланатыны айтылды.

Айта кетейік, 2016 жылы ашылған "Тайынша-Май" ЖШС зығыр, күнбағыс және рапсты қайта өңдеумен айналысады. Ірі кәсіпорын жылына 300 мың тонна майлы дақыл өңдейді, бұл тәулігіне мың тонна шикізат деген сөз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети