СҚО-дағы қайғылы оқиға: бір бала қаза тауып, тағы біреуі іздестіріліп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-дағы қайғылы оқиға: бір бала қаза тауып, тағы біреуі іздестіріліп жатыр Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға салдарынан ер адам мен бір кәмелетке толмаған бала қаза тапқан, екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға салдарынан ер адам мен бір кәмелетке толмаған бала қаза тапқан, екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 11 қаңтар кешке Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Майбалық ауылында болған. 101 пультіне хабар түскеннен кейін оқиға орнына өртке қарсы қызмет бөлімшелері жіберілген. Келген кезде үйдің толықтай отқа оранып, толық құлағаны анықталған.

Үй иесінің айтуынша, ішінде оның жұбайы мен екі кәмелетке толмаған баласы болған. Өртті сөндіру және үйінділерді аршу барысында құтқарушылар ер адам мен бір баланың мәйітін тапты. Екінші кәмелетке толмаған баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиға орнында департамент басшылығы мен ТЖД психологтары жұмыс істеп, зардап шеккен әйелге көмек көрсетіліп жатыр

64 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 509.82  course up  596.12  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети