Степногорск маңындағы екі ауылда ТЖ режимі жариялануы мүмкін. Бұл шешімді жергілікті билік дауыл соққаннан кейін қабылдаған. Қатты жел Ақмола облысының Бестөбе және Изобильное кенттерінде бірнеше үй мен әкімшілік ғимарат шатырын ұшырып жіберген. Сонымен қатар, электр желісінің бағандары құлап, трансформаторға зақым келген. Жергілікті тұрғындар электр жарығынсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astanatv.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Қалада жедел штаб жұмыс істеп жатыр және табиғи апат салдарын жою жөніндегі комиссия құрылған. Жергілікті шенеуніктер дауылдан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге уәде берді. Өтініш білдіргеннен кейін адамдарға 100 мың теңгеден аса өтемақы төлеуге уәде берілген.
"Бұл төлем мерзімі - үш ай. Құжаттарды уақтылы қайта ресімдемеген тұрғындар осы мерзім ішінде құжаттарын жөндеуге мүмкіндігі бар. Екі күн бойы ТЖ басқармасымен жұмыс істейміз және әлеуметтік қорғау үшін бірінші тамызда сол адамдарға ақша аударамыз", - деді Степногорск қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!