Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Алматы маңындағы саяжай қалашықтардың бірінде болған көшкін салдары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Алматы маңындағы саяжай қалашықтардың бірінде болған көшкін салдары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бурабай саяжай қалашығында бұған дейін 25 ақпан мен 26 ақпан аралығында жауған жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын салдарынан топырақ шамадан тыс ылғалданған. Нәтижесінде қорғаныш қоршау – бетон тіреу қабырғасы арқылы Баянауыл көшесі бойындағы екі жеке тұрғын үйге қарай тау баурайынан өздігінен топырақ көшкен. Ол үйлердің бірінің терезесін зақымдап, ішкі бөлмеге кіріп кеткен. Тағы бір үйде соққыдан қабырғаларда жарықтар пайда болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді ТЖД өкілдері.
Оқиға орнына дереу Төтенше жағдайлар департаменті, "Қазселденқорғау" және әкімдік қызметкерлері жіберілгені атап өтілді. Оқиғаның нақты себебі мен келтірілген шығынды анықтау үшін комиссия құрылған.
"Төмен түскен топырақтың болжамды көлемі 360 текше метр болады. Бір үйдің төрт тұрғыны көршілерінде, екінші үйдің бес тұрғыны Алматыда", - деп қосты ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында орналасқан Бурабай саяжайында шағын көшкін жүргені хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!