Ұлытау кенішіндегі трагедия: Тоқаев үкіметке тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлытау кенішіндегі трагедия: Тоқаев үкіметке тапсырма берді Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақмыс" корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді. Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді.

Еске салсақ, дүйсенбі күні "Жомарт" кенішіндегі шахтада тау жынысы опырылып, салдарынан 7 жұмысшы үйінді астында қалып қойған еді. Кабельдердің үзілуіне байланысты жұмысшылармен байланыс үзілгені хабарланды. Кейінірек жеті адамның денесі табылып, жер бетіне шығарылғаны хабарланды.

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасымен апаттың себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы комиссия құрылды. Оны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.

Ұлытау облысы әкімдігі де қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына қажетті психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсететінін мәлімдеді.

"Жомарт" кеніші Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Онда мыс сульфиді өндіріледі. Ал "Қазақмыс" корпорациясының ірі акционері - Kazakhmys Copper.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети