08 маусым 2016 | 17:14

Алматы қазақстандықтардың ең көп көшіп баратын қаласы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанның ішкі көші-қонында тұрғындардың ірі қалаларға көшуі байқалады, - деп хабарлайды Ranking.kz басылымы. Сонымен, 2016 жылдың бірінші тоқсанында өңірлік ішкі көші-қондағы адамдардың саны - 8 976.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның ішкі көші-қонында тұрғындардың ірі қалаларға көшуі байқалады, - деп хабарлайды Ranking.kz басылымы. Сонымен, 2016 жылдың бірінші тоқсанында өңірлік ішкі көші-қондағы адамдардың саны - 8 976.

Жалпы Қазақстанда 2007 жылдан бері ауылдан қалаға көшу үрдісі байқалады. 9 жыл бойы ауданнан басқа ауданға көшу көбейген. 2016 жылдың бірінші тоқсанында ауылдан қалаға 38 208 адам көшкен, яғни бұл көрсеткіш 2007 жылға қарағанда 18 пайызға артық", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бірінші тоқсанда қалаларға 5 090 адам көшіп келген. Тұрғындардың жаппай көшетін ең танымал қалаларының қатарына Алматы, Ақмола, Қостанай, Маңғыстау, Атырау және Павлодар жатады.

"Ал өңірлердің ішіндегі көші-қон жөнінен көшбасшысы болып Алматы қаласы атанды. Сондықтан Алматы тұрғындарының санының өсуі 2016 жылдан бері байқалады, яғни қалаға осы уақыт бойы 8 586 адам көшіп келген. Сонымен қатар, Алматы қаласына жақын орналасқан Алматы, Жамбыл облыстары мен ОҚО аудандары рейтингте соңғы үш орынды алып тұр. Ал Алматыға оңтүстіктегілердің жаппай көшуі олардың жұмыс іздеуімен байланысты екен". Сонымен қатар, осы тоқсанмен салыстырғанда Алматы тұрғындарының басқа қалаға көшуі 20,7 пайызға төмендеген", - деді порталдың сарапшылары.


Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети