"Туризм" мамандығы бойынша оқып жүрген студенттер Алматыдағы қоғамдық көліктерде гид-экскурсия жетекшісі қызметін атқаратын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Туризм" мамандығы бойынша оқып жүрген студенттер Алматыдағы қоғамдық көліктерде гид-экскурсия жетекшісі қызметін атқаратын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Біздің қала биыл Қауымдастықтың мәдени орталығы ретінде таңдалынып алынды. Бізде қала қонақтарына мақтанышпен көрсетер жерлеріміз көп. Қаладағы әр көшенің өз ерекшелігі бар. Себебі, көшелердің әрқайсысы тарихымыздан ойып тұрып орнын алған ғұламалар мен тұлғалардың есімімен аталады. Өкінішке орай, қала қонақтарын айтпағанда, кейбір қала тұрғындарының өзі көшеге есімі берілген тұлғалар туралы біле бермейді", - деді жастар саясаты басқармасының жетекшісі Санжар Боқаев.
Бұл жоба сондай-ақ, қала ішілік туристік саланы дамытуға да бағытталған. Шараны ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда "Халықтық гид" жобасы - Универсиада - 2017 және EXPO-2017 қарсаңында туризм мамандығы бойынша оқып жатқан студенттер үшін тәжірибе жинақтау базасы болады. Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттері соңғы айларда бұл жобаны жүзеге асыру үшін дайындалды. Атап айтқанда, олар әр нысан туралы ақпараттар жинап, көшелер мен мәдени орындарды әр бағытқа бөле қарастырып, арнайы жол жүру бағытын да анықтап алды. Жас гидтерге автобуста отырған жолаушыларға әр нысан немесе әр көше туралы қысқа ақпарат беру міндеті жүктеліп отыр.