12 мамыр 2019 | 13:43

"Арал 2019" экспедициясы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© QazaqGeography © QazaqGeography

12-мамырда "Арал 2019" экспедиция құрамы Нұр-Сұлтан қаласынан Арал теңізі бағытына қарай жолға шықты.  QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі мен Назарбаев Университеті мамандары бірлесіп Солтүстік Аралға ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі QazaqGeography баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

12-мамырда "Арал 2019" экспедиция құрамы Нұр-Сұлтан қаласынан Арал теңізі бағытына қарай жолға шықты.  QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі мен Назарбаев Университеті мамандары бірлесіп Солтүстік Аралға ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі QazaqGeography баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

17 күнге жоспарланған сапар Арал теңізінің Қазақстан аумағы бойынша 4000 шақырымды қамтиды. 2019 жылдың 12 - 28 мамыр аралығында саяхатшылар келесі бағыт бойынша жол жүреді: Нұр-Сұлтан - Арқалық - Торғай - Ырғыз - Шалқар - Бегімбет - Бозой - Оңтүстік нүктесі - Чернышев шығанағы - Құланды - Тұщыбас - Шевченко шығанағы- Шұбартарауыз түбегі - Ақеспе - Бутаков шығанағы - Қотырнақ түбегі - Арал - Қамыстыбас - Қаратерең - Көкарал бөгеті- Қаратерең - Байқоңыр - Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Нұр-Сұлтан.

Бұл QazaqGeography-дің Аралға бағытталған үшінші экспедициясы.  2016 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізілетін шараға шетел және қазақстандық ғалымдар, географиялық қоғамның белсенді мүшелері мен кәсіби саяхатшылар қатысады. Алдыңғы экспедициялар кезінде Солтүстік Аралдың бірнеше бөліктерінде судың гидробиологиялық күйі зерттелген болатын. Осыған дейін  Арал теңізінің орташа тұздылығының төмендеу беталысы тіркелген еді. Бұл Солтүстік Аралдағы экологиялық жағдайдың жақсарып келе жатқаны туралы алдын ала қорытынды шығаруға мүмкіндік берді.

Айта кетер жайт, 2018 жылы Назарбаев Университетінің гидробиолог ғалымдарымен бірге зерттеу спектріне Оңтүстік Арал кіріп, теңіздің Өзбекстан бөлігі де зерттеуге алынды. Ғылыми сынамалардың нәтижелері бойынша планктондық топтанулардың биоалуантүрлілігі, судың ластығы, қышқылдығы, тұз, фосфор деңгейі туралы деректер жиналды, ол Солтүстік және Оңтүстік Арал экожүйесінің дамуындағы алдын ала трендті анықтауға мүмкіндік берді. Ғылыми зерттеу жұмыстарынан бөлек, экспедицияның мақсаты - Арал өңірі бойынша туристік бағыт картасын жасап, бірегей фото- және бейнематериалдар жинауды көздейді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети