"Бейбітшілік маршы" шарасына қатысушылар Қазақстаннан Грекияға дейін жаяу жүрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бейбітшілік маршы" шарасына қатысушылар Қазақстаннан Грекияға дейін жаяу жүрді ©Ұйымдастырушылар

Қазақстан, Ресей, Украина, Болгария және Италиядан келген 23 адам бірнеше елді жаяу жүріп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бейбітшілік маршы" 9 маусымда Қазақстанның оңтүстігінде басталды да, 7 тамыз күні Грекияның солтүстігінде аяқталды. Саяхаттың мақсаты - түрлі дін мен ұлттың адамдарын біріктіру.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан, Ресей, Украина, Болгария және Италиядан келген 23 адам бірнеше елді жаяу жүріп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бейбітшілік маршы" 9 маусымда Қазақстанның оңтүстігінде басталды да, 7 тамыз күні Грекияның солтүстігінде аяқталды. Саяхаттың мақсаты - түрлі дін мен ұлттың адамдарын біріктіру.

Жолдың кей бөліктерінде олар автокөлікпен жүрді - Қазақстанда, Ресейде және Украинаның аумағында 7000 шақырым. "Бейбітшілік маршы" қатысушылары 917 шақырым жолды жаяу жүрді, оның ішінде, Украинаның оңтүстігінде - 318 шақырым, Румыния жерінде - 56 шақырым, Болгарияда - 425 шақырым және Грекия жолдарымен - 118 шақырым. Олар 11 қарашада өз саяхатының қорытындысын жасап, журналистерге "көпкүндікке" қалай дайындалғаны жайлы айтып берді. Түрлі елдің бірге жаяу жүрген өкілдері 45 күннің ішінде алдын ала санақ бойынша 800 адамды кездестірген.  

"Одессадан гректің Салоникиіне дейінді бағыт егжей-тегжейлі ойластырылып, жоспарланды. Біз алты күн жаяу жүрдік, ал жетінші күні демалыс болды. Күн сайын 27 шақырым жолды жүріп отырдық, жол бірдей бөлінген бес түрлі аумақ болды. Сонымен қатар, тұрмыстық, медициналық-санитарлық мәселені де шештік. Күніне үш рет тойымды тамақ ішіп, күн сайын жуындық, - дейді "Бейбітшілік маршы" қатысушыларының бірі, Шымкенттегі татар мен башқұрттың "Ақ Барыс" этномәдени бірлестігінің төрағасы Руслан Абдуллин. - Қажетті болған барлық саймандарды автокөлікпен алып жүрдік. "Бейбітшілік маршы" Одессадан Измаил, Констанца, Варна, Карлово, София, Сидирокастро, сосын Салоникиге жетті. Аялдайтын орындар белгілеп қойған қалаларда біз экскурсиялар, кездесулер, концерттер, баспасөз конференциялар және дөңгелек үстелдер өткіздік, мұражайлар мен көрмелерге қонақ болдық, Украина, Румыния және Болгария елдерінің үздік демалыс орындарында болдық".  

Ұйымдастырушылар халықаралық марштың дайындығы кезінде қатысушыларға тіл білмейтіндігі үлкен мәселеге айналады деп ойлаған. Бірақ барған жерлерінде халық оларды аса құрметпен қарсы алып, жергілікті көрікті мекендерді көрсетіп, ас беріп, үйде түнеп шығуға шақырып отырыпты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі "Бейбітшілік маршы" 2015 жылдың жазына жоспарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети