Мысыр билігі "нағыз селфи" жасау үшін Гизадағы Хеопс пирамидасының шыңына шығып алған 18 жастағы неміс турисіне өмір бойына Мысырға кіруге тыйым салды, - деп хабарлайды РИА Новости The Telegraph газетіне сілтеме жасап.

"Мысырдың ежелгі заман істері жөніндегі министрлігі Германияның 18 жастағы азаматы Андре Чисельскиге өмір бойына елге кіруге тыйым салу туралы шешім шығарды, ол Гизадағы биіктігі 139 метр болатын Хеопс пирамидасының шыңына шығып, заңды бұзған", - деп жазады басылым.
© Facebook.com / Andrej Ciesielski
Турист пирамидаға шығып, селфи жасағысы келген екен. Осыған дейін ол Нью-Йорк пен Гонконг қалаларындағы зәулім үйлердің үстінен селфи жасаған болатын. Ол пирамидаға шығып бара жатқан кезде төмендегілер араб тілінде айғайлап, кейін полиция шақырған.
Айта кетейік, Мюнхен тұрғыны оңай жазамен құтылды, себебі Мысырда мұндай заңбұзушылық жасаған адам үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
© Facebook.com / Andrej Ciesielski