Qatar Airways Қазақстанға әуе рейстерін ашады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Азаматтық авиация комитетінің Telegram желісіндегі аккаунтына сілтеме жасап.
2020 жылдың 30 наурызында "Qatar Airways" әуе компаниясының Доха мен Нұр-Cұлтан қалалары арасындағы алғашқы рейсті орындау рәсімі өтеді, ал 1 сәуірде Доха мен Алматы қалалары арасында алғашқы рейсті орындау рәсімі өтеді.

"Инаугурациялық рейстер Боинг-787 (Dreamliner) үлгісіндегі әуе кемесінде орындалатын болады. "Qatar Airways" әуе компаниясы Доха қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына аптасына 2 рейс жиілікпен және Алматы қаласына аптасына 4 рейс жиілікпен Эйрбас-320 үлгісіндегі әуе кемесінде тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды", - делінген хабарламада.
Жалпы, "Qatar Airways" әуе компаниясы Қазақстанға аптасына 6 рет тұрақты түрде ұшатын болады. Екі ел арасындағы рейстерге билеттердің сатылымын бастау 16 қаңтарға жоспарланған. Рейстің ашылуы қазақстандық жолаушыларға Qatar Airways әуе компаниясының 160 бағытына сапар шегуге мүмкіндік береді.